Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар арасында "Шексіз шығармашылық" республикалық қашықтықтан конкурсына қатысуы
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» РММ мен ҚР БҒМ «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК арасындағы 2022 жылғы 19 қаңтардағы №5 шартты орындау мақсатында «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының аясында 2022 жылғы 24 қаңтар мен 28 ақпан аралығында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар арасында «Шексіз шығармашылық» республикалық байқауы қашықтан өткізілді.
Байқау ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың бейнелеу іс-әрекетінде, сәндік-қолданбалы шығармашылықта шығармашылық әлеуетін анықтау және ынталандыру, сондай-ақ балалардың шығармашылық қызметін ынталандыру және қолдау арқылы олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету мақсатында өткізілді.
Қарағанды облысы Білім басқармасының Осакаров ауданы оқу бөлімінің «№23 тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ-дан аталған конкурсқа 10 оқушы қатысып, барлығы Сертификат иеленді. Құттықтаймыз!
{gallery}--/-/-1/1{/gallery}

